• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №211 

265 рет
көрсетілді

2015 жылғы 13 тамыз , Астана қаласы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегі сексеуiл екпелерiнде  ағаш кесуге тыйым салу туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мынаған: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерінде ағаш кесудің барлық түріне 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынсын. 2. Облыстар әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру бойынша, сондай-ақ жекеше орман өсiру үшiн жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру бойынша жұмыс ұйымдастырсын; 3) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен қорғау жөнiнде қабылданған шаралар және ағаш пен бұта тұқымдыларын плантацияда өсiру туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін; 2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Б.АЗБАЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12057 болып енгізілді.